Қытайдың Шанхай қаржы орталығы сенбі күні өнеркәсіптің болашақ салаларын қолдау үшін 10 миллиард юань (шамамен 1,41 миллиард АҚШ доллары) қор құратынын хабарлады.
Шанхай муниципалитетінің Ғылым және технологиялар комиссиясының мәліметі бойынша, қорды толығымен Шанхай үкіметі қаржыландырады және 15 жылға созылады, қажет болған жағдайда оны тағы үш жылға ұзартуға болады.
Қордың қызметі бастапқы кезеңдегі технологиялық инвестицияларға сенімді арттыруға және озық инновацияларды жаңа жоғары сапалы өндіргіш күштерге айналдыруды жеделдетуге бағытталатын болады.
Shanghai State Capital Investment Co., Ltd. шанхайлық мемлекеттік компаниясы нарыққа бағытталған қорды басқару платформасын құруға жетекшілік етеді. Бұл Шанхайдың ғылыми және технологиялық инновациялардың жаһандық орталығына айналуын қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам.
Бұл туралы Қытайдың Ғылым және технологиялар министрлігі мен Шанхай муниципалды үкіметі бірлесіп ұйымдастырған 2024 жылғы Пуцзян инновациялық форумының ашылу рәсімінде айтылды. Форум 7-10 қыркүйек аралығында өтеді.