Қызметтер саудасы Қытайдың дамуына жаңа серпін береді

14256
Фотосурет: Xinhua

Жаһандануға қарсы және сауда протекционизмінің өсу үрдісі жағдайында 2024 жылғы Қытай халықаралық қызметтер саудасы жәрмеңкесі (CIFTIS) елдің жоғары сапалы даму мен ашықтыққа деген берік ұстанымын көрсетеді.

Телекоммуникациялар, компьютерлік және ақпарат қызметтері, қаржы қызметтері, мәдени және туристік қызметтер сияқты салаларды қамтитын жәрмеңке Бейжіңге 80-нен астам ел мен халықаралық ұйымнан қатысушыларды тартты.

Қытайдың электрондық коммерциядағы, цифрлық қаржыдағы және шеринг экономикасындағы жетекші қызметтері адамдардың өміріне керемет өзгерістер әкелді.  Бүгінгі таңда елдің жаңа сападағы өндіргіш күштері қызметтер саудасының мүмкіндіктерін кеңейтуде.

Сонымен қатар, қызметтер саудасы саласындағы цифрландыру, зияткерлік ету және жасыл трансформация үдерісі ұдайы қарқын алуда.  Жаңа технологиялар мен жаңа бизнес үлгілері, мысалы, қысқа бейнелер мен онлайн әдебиет тұтынушыларға таңдаудың кең ауқымын ұсынады.

Соңғы он жылда Қытайдағы қызметтер саудасының орташа жылдық өсу қарқыны доллармен есептегенде 6,2 пайызды құрады, бұл орташа әлемдік және сол кезеңдегі Қытайдың тауар саудасының орташа көрсеткішінен жоғары.  2023 жылы қызмет импорты мен экспортының жалпы көлемі 6,6 трлн юань (шамамен 927 млрд АҚШ доллары) болып рекордтық көрсеткішке жетті.

Осв жылдың бірінші жартыжылдығында Қытайдың көлік қызметтері экспортының құны 103,7 млрд юаньға жетіп, жылдық есептеууде 131,9 пайызға өсті, ал олардың импорты 858,1 млрд юань болып, өткен жылмен салыстырғанда 41,5 пайызға өсті.  Есепті кезеңде аталған сектордың қызметтері саудасы Қытайдың қызметтер саудасының жалпы көлемінің 26,7 пайызын құрады, бұл   өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 6,1%-ға жоғары.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -