Қытайда 2,45 млн жұмыс орны ашылды

24156
Фотосурет: Қытай

Қытайдың жергілікті билік органдары халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін негізгі жобалар мен аграрлық инфрақұрылым және ауылдық инфрақұрылым жобаларына дотация берудің орнына   қоғамдық қызметтерге ақы төлеу бағдарламасын жүзеге асыруда, деп хабарлады дүйсенбі күні ҚХР   Мемлекеттік даму және реформалар істері комитеті /МДРК/.

2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында бұл бағдарламалар арқылы   табысы төмен адамдарға 2,45 млн жұмыс орны құрылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,2 пайызға көп.  Сондай-ақ еңбекақы төлеуге 31 млрд юань (шамамен 4,35 млрд АҚШ доллары) көлемінде қаражат бөлінген, бұл жылдық есептеуде 22,7 пайызға көп, деп көрсетеді  ведомство мәліметтері.

Бағдарламалар кедейшіліктен жақында құтылған ауыл тұрғындары, сондай-ақ кедейшілікке қайта оралу қаупі бар және ауылдан оралған еңбек мигранттары сияқты адамдар тобына бағытталған.

МДРК жоғарыда аталған бағдарламалардың табысы төмен адамдар үшін жұмыс орындарын құрудағы және олардың кірістерін арттырудағы рөлін толық зерттеуді жалғастырады.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -