ҚХР Жоғарғы халықтық прокуратурасы (ЖХП) жақында Гуанси-Чжуан автономиялық ауданы (ГЧАА, Оңтүстік Қытай) халық үкіметі төрағасының бұрынғы орынбасары Цин Жупэйді пара алды деген күдік бойынша қамауға алуға ордер берді. Бұл туралы дүйсенбіде ЖХП хабарлады.
ҚХР Мемлекеттік қадағалау комитеті Цинь Жупэйге қатысты тергеуді аяқтап, оның ісін әрі қарай қарау үшін прокуратураға жіберді.
Бұған дейін Цинь Жупэй партия тәртібі мен заңдарды бұзғаны үшін Қытай Коммунистік партиясынан шығарылып, мемлекеттік қызметтен босатылған болатын.