Қытай заң шығарушылар дүйсенбі күні арбитраж жүйесі мен тәжірибесіндегі күрделі мәселелерді шешуге баса назар аудара отырып, ҚХР Арбитраж туралы заңына түзетулер жобасын қарастыра бастады.
Жоба Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің ағымдағы сессиясына бірінші оқылымда қарауға ұсынылды.
Жобаның мақсаты қытайлық ерекшеліктерге ие және жалпы қабылданған халықаралық ережелерге сәйкес келетін арбитраждық құқықтық жүйені жетілдіруге, халықтың арбитражға сенімін және оның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, осылайша нарықтық қағидаттардың сақталуын және заң үстемдігін қамтамасыз ететін бірінші дәрежелі халықаралық бизнес ортаны құруға бағытталған.
Бұл заң 1995 жылы жарияланғаннан бергі алғашқы күрделі қайта қарау.