Қытайдың 41-ші антарктикалық экспедициясы жеті айға жуық созылатын миссияны орындау үшін Гуанчжоу қаласындағы Наньша портынан /Гуандун провинциясы, Оңтүстік Қытай/ жолға шықты.
Экспедицияға үш кеме қатысады, оның ішінде зерттеу мұзжарғыштары «Сюэлун» («Қар айдаһары») және «Сюэлун-2», сондай-ақ «Юншэн» жүк кемесі.