Қытай интеллектуалды қосылған көліктердің нарығына пилоттық шығуын тездетеді және оларға жолда жүруге мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚХР Көлік министрлігі мен ҚХР Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті мәлімдеді.
Екі министрлік бірлесіп шығарған іс-қимыл жоспарына сәйкес, Қытай Янцзы өзенінің сағасы мен Гуандун-Гонконг-Макао «Үлкен шығанағы» аймағын қоса алғанда, автономды жүргізу технологиялары мен пилотсыз көліктерді демонстрациялық қолдануға жәрдемдеседі.
Жоспарға сәйкес, 2027 жылға қарай әлеуметтік логистикалық шығындардың ЖІӨ-ге қатынасы шамамен 13,5% дейін төмендейді деп күтілуде. Осы уақытқа дейін елдің темір жол жүк айналымы 2023 жылмен салыстырғанда шамамен 10% артады, ал қытай порттары арқылы теміржол және су көлігімен интермодальдық тасымалдау көлемінің орташа жылдық өсімі шамамен 15% құрамақ деп атап өтілген.
Қытайдың логистикалық тиімділігі өткен жылы жақсара түсті. Қытай логистика және сатып алу федерациясының мәліметі бойынша, 2023 жылы әлеуметтік логистика шығындарының ЖІӨ-ге қатынасы 14,4% құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,3% тармаққа төмендеген.
Қазан айында Тяньцзиньде (Солтүстік Қытай) өткен порттар арқылы интермодальдық тасымалдауды дамыту жөніндегі халықаралық конференцияда жарияланған мәліметтерге сәйкес, 2023 жылы елдің порттары арқылы теміржол және су көлігімен интермодальдық тасымалдаудың жалпы көлемі 11,7 млн TEU-ден асты /20-фут контейнер баламасы/, бұл жылдық есептеуде 11,7% көп.