Қытайда электр энергиясын тұтыну 7,6 пайызға өсті

9592
Фотосурет: Синьхуа

Қытайдың экономикалық белсенділігінің негізгі барометрі болып табылатын электр энергиясын тұтыну осы жылдың алғашқы он айында жылдық есептеуде 7,6 пайызға өсті. Осыны сәрсенбі күні жарияланған ресми деректер көрсетуде.

Қазан айында елде электр энергиясын тұтыну өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3 пайызға өсті, деп хабарлады ҚХР Мемлекеттік энергетика істері басқармасы.

Қаңтар-қазан айларында экономиканың бастапқы секторында электр энергиясын тұтыну 6,7 пайызға, қайталама секторда 5,6 пайызға, үшінші секторда 11 пайызға өсті.

Статистикаға сәйкес, қаңтар-қазан айларында қала және ауыл тұрғындарының тұрмыстық электр энергиясын тұтынуы айтарлықтай өсті – 12,3 пайызға.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -