Қытайдың солтүстік-шығысындағы Цзилинь провинциясында әлемдегі ең үлкен толық басқарылатын радиотелескоптың құрылысы жүріп жатыр. Нысан Цзилинь провинциясының Хуадянь қаласында орналасқан. Оның диаметрі 120 м болады және ғалымдарға планеталар мен астероидтарды дәлірек зерттеуге көмектеседі.
Жаңа телескоптың ерекшелігі – ол аспан денелеріне электромагниттік толқындар жіберіп, планеталар мен Жер арасындағы қашықтықты дәл өлшеу үшін кері толқындарды қабылдай алады.
Ғаламды зерттеу үшін Гуйчжоу провинциясында (Оңтүстік-Батыс Қытай) FAST, әлемдегі ең үлкен сфералық бір диапазонды және ең сезімтал бес жүз метр апертурасы бар радиотелескоп салынды.
Қытай сонымен қатар Цзилинь провинциядағы Чанбайшань тауларын қорғау және дамыту аймағы, Сицзан автономиялық ауданындағы Шигадзе және Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы (Солтүстік-Батыс Қытай) Цитай уезі сияқты жерлерде шағын, бірақ толығымен басқарылатын радиотелескоптар салуда. Бірдей өлшемдегі стационарлық радиотелескоптармен салыстырғанда, толық басқарылатын радиотелескоптар аспанның үлкенірек аймағын бақылай алады.