Өзбекстанның «Centrum Air» әуе компаниясы дүйсенбі күні Ташкент пен Гуанчжоуды (Гуандун провинциясының әкімшілік орталығын) байланыстыратын тікелей жолаушылар әуе рейсін ашты.
Кестеге сәйкес екі бағыттағы жаңа әуе рейсі Airbus A321 әуе лайнерінде аптасына екі рет орындалады. Ұшақ сәрсенбі және жексенбі күндері Ташкенттен Гуанчжоуға, ал Гуанчжоудан Ташкентке дүйсенбі және бейсенбі күндері ұшады.
Жаңа әуе бағытының ашылуы екі ел арасындағы жолаушылар қозғалысын жеңілдетіп қана қоймай, Өзбекстан мен Қытай арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығына да жаңа серпін береді, деді «Centrum Air» әуе компаниясының бас директоры Абдулазиз Абдурахманов.
Гуанчжоу қаласының «Байюнь» халықаралық әуежайының операциялық директоры Пань Цзянь бұл рейсті көптеген қытайлықтар Орталық Азиядағы саяхаттау, бизнеспен айналысу немесе туыстарына бару үшін пайдаланатынына сенімді екенін айтты.