Қытайдың азаматтық авиация секторы тұрақты өсім көрсетуде

4521
Фотосурет: Синьхуа

Қытайдың азаматтық авиация секторы қазан айында тұрақты өсім көрсетті.  Бұған Қытайдың азаматтық авиация басқармасы жариялаған мәліметтер дәлел.

2019 жылғы COVID-19 пандемиясына дейінгі осы кезеңмен салыстырғанда, өткен айда Қытайдың жалпы азаматтық авиация орындаған тасымалдау көлемі 17,8 пайызға, жүк тасымалы 12,5 пайызға, пошта тасымалы 21 пайызға өсті.

Ведомствоның мәліметі бойынша, қазан айында жолаушы тасымалының көлемі 64,09 млн адам-рет құрады.  Бұл ретте халықаралық жолаушылар тасымалының саны жылдық есептеуде 76,1 пайызға өсіп, 5,8 млн адам-реттен асып, 2019 жылдың қазан айында тіркелген деңгейдің 96 пайызына дейін қалпына келді.

Есепті кезеңде жүк және пошта жөнелтімдер тасымалының көлемі 809 мың тоннадан асты, бұл ретте халықаралық жүк және пошта тасымалының көлемі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 52 пайызға өсті.

Басқарманың атап өтуінше, ағымдағы жылдың он айында әуе тасымалының жалпы көлемі, жолаушылар тасымалының саны мен жүк және пошта жөнелтімдер тасымалының көлемі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қос таңбалы өсім көрсетті.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -