Қытайда логистикалық тиімділікті арттыру үшін айтарлықтай кеңістік бар және ел 2027 жылға қарай әлеуметтік логистика шығындарының ЖІӨ-ге қатынасын шамамен 13,5 пайызға дейін төмендетуге бағытталған іс-шаралар жоспарын іске қосты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 0,9 пайыздық тармаққа аз.
Бұл биылғы жылға қарай Қытайдың логистикалық шығындары ЖІӨ-нің әрбір 100 юаніне (13,89 АҚШ доллары) 13,5 юаньға дейін төмендейді дегенді білдіреді. Еске салайық, 2023 жылы бұл көрсеткіш 14,4 юань болса, 2012 жылы 18 юань болған.
ҚХР ҚКП Орталық Комитеті кеңсесі мен Мемлекеттік Кеңесінің Кеңсесі жариялаған іс-қимыл жоспарында айтылғандай, Қытай жүк тасымалдау құрылымын оңтайландыруды және ұлттық логистикалық торап жүйесін және озық логистикалық қызметтер желісін нығайтуды жалғастырады.
Мемлекеттік даму және реформалар істері комитеті жауапты хатшысының орынбасары Чжан Шисинь баспасөз мәслихатында мәлімдегендей, жоспар құрылымдарды реттеу және логистикалық ресурстарды бөлу арқылы логистикалық шығындарды азайтуды үйлестіруді мақсат етеді және теміржол және автомобиль жүк тасымалы, сондай-ақ логистикалық деректер сияқты негізгі салаларға назар аударылады.
2023 жылдан 2027 жылға дейін 0,9 пайыздық тармаққа мақсатты төмендеу Қытайдың өндірістік құрылымы мен оның логистикалық секторының қызметіне негізделген.
Бірақ Қытай үшін 0,9 пайыздық тармаққа төмендеу нені білдіреді? Бұл елге 2023 жылмен салыстырғанда әлеуметтік логистикалық шығындарды 1 трлн юаньнан астам үнемдеуге мүмкіндік береді, бұл нақты экономика үшін пайдалы болады, деп атап өтті Чжан Шисинь.
Бұл Қытайдың өңдеу өнеркәсібінде бәсекелестік артықшылығы болады дегенді білдіреді, өйткені елдегі логистиканың жалпы көлемінің 90 пайызға жуығы бұл сектордың үлесі. Логистикалық тиімділікті арттыру тиісті процедураларды жеңілдетуге және өндірістік секторындағы трансформацияны жеңілдетуге көмектеседі.
Қытай билігі платформалық және төмен биіктік экономикаларымен және автономды жүргізумен біріктірілген жаңа логистикалық үлгілерді енгізуді ынталандырады, өздігінен басқарылатын автомобильдер, ұшқышсыз жүзу құралдары, ұшқышсыз ұшатын аппараттар және автоматтандырылған қоймалар сияқты технологиялар мен жабдықтарды пайдалануды ынталандырады. Сондай-ақ іс-шаралар жоспарында логистикалық терминалдар, қойма нысандары және көлік құралдарының экологиялылығын жоғарылатудағы қолдау көрсетілетіні айтылған. Қаптама көлемі азайып, қайта өңдеуге жарамды болады. Қытай логистика және сатып алу федерациясының мәліметі бойынша, 2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында Қытайда әлеуметтік логистикаға жұмсалған шығынның жиынтық көлемі 13,4 трлн юань болып, әлеуметтік логистика шығындарының ішкі жалпы өнімге қатынасы 14,1 пайызды құрады.