«Әлемнің супермаркеті» ретінде белгілі және Қытайдың трансшекаралық электрондық коммерция платформаларының негізгі жеткізушісі Қытайдың шығысындағы Иу қаласы жаһандық саудадағы өз рөлін күшейтуге бағытталған реформалардың жаңа кезеңін бастамақшы.
ҚХР Мемлекеттік кеңесі Қытайдың Чжэцзян провинциясында орналасқан қалада халықаралық сауда саласындағы жан-жақты реформаларды тереңдетудің бас жоспарын бекітті, делінген жарияланған өкімхатта. Өкімхатқа сәйкес, жоспарда Иуде реформаны одан әрі ашықтық арқылы ілгерілету көзқарасы, сондай-ақ нарықтық сатып алулар аясында инновациялық сауда тетіктерін енгізу, импорттық сауданы дамытуға жәрдемдесу, кешенді бонд аймақтарының функционалдығын арттыру және трансшекаралық электрондық коммерция ережелерін жетілдіру. Өкімхатта айтылғандай, бұл шағын тауар саудасы хабы «Белдеу және жол» бастамасы аясындағы ынтымақтастыққа және Қытай-Еуропа жүк пойыздары желісін жоғары сапалы дамытуға жәрдемдеседі.
Иу-дың тұрақты өсуі оның сауда деректерінен көрінеді. Кедендік мәліметтерге сәйкес, биылғы жылдың он айында қаланың импорты мен экспорты жылдық есептеуде 18,3 пайызға өсіп, 560,16 млрд юаньға жетті (шамамен 77 млрд АҚШ доллары). 2011 жылы Иу Қытайдағы халықаралық сауда саласында жан-жақты реформаларының пилоттық бағдарламасы бойынша ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мақұлдауын алған Қытайдағы бірінші уездік деңгейдегі қала болды.