Қытай инвесторлары Қырғызстанда қуаты 100 МВт жаңа күн электр станциясын салады, деп хабарлады Қырғызстан Министрлер кабинетінің баспасөз қызметі. Сейсенбі күні Қырғызстан Министрлер Кабинетінің төрағасы Адылбек Қасымалиевтің қатысуымен Шу облысының Кемин ауданындағы жаңа күн электр станциясының құрылыс алаңына капсула салудың салтанатты рәсімі өтті.
Қуаты 100 МВт, жылдық электр энергиясын өндіру 155 млн кВт/сағ болатын күн электр станциясы көмірқышқыл газының шығарындыларын жылына 140 мың тоннаға, көмір тұтынуды 50 мың тоннаға азайтып, құрылыс барысында 500-ге жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Жиналғандар алдында сөз сөйлеген А.Қасымалиев күн электр станциясының құрылысы Қырғызстанның энергетикалық тәуелсіздігі мен тұрақты дамуы жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.
А.Қасымалиев қытайлық серіктестерге, Шэньси провинциясының (Солтүстік-Батыс Қытай) үкіметіне және инвесторларға екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Қырғызстан Министрлер кабинетінің басшысы құрылысшылар мен энергетиктерге жобаны жүзеге асыруда сәттілік тілеп, оның сәтті аяқталатынына сенім білдірді.