2024-2025 жылдарға Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) туризм және мәдени астанасы болып белгіленген Циндао қаласында (Шаньдун провинциясы, Шығыс Қытай) мәдениет және туризм алмасу апталығы басталды, деп жазады жергілікті «Циндао жибао» газеті, деп хабарлайды Xinhua.
Шарада Циндао қаласының мәдени және туристік ресурстарының тұсаукесері және ШЫҰ елдерінің мәдени және туристік өнімдері көрсетілді. ШЫҰ елдерінің өкілдері де сан алуан ұлттық мәдениеттерді паш ететін нөмірлер көрсетті, деп жазады басылым. Қала теңіз туризмін, сауықтыру туризмін, «мәдени қойылымдар плюс туризм» және басқа да туризм түрлерін дамытуды, ШЫҰ елдерімен мәдени және туристік ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуді жоспарлап отыр.
2024 жылы Астанада өткен ШЫҰ саммитінде тараптар Қытайдың Циндао қаласын 2024-2025 жылдарға ШЫҰ-ның туризм және мәдени астанасы етіп тағайындау туралы қарар қабылдады.
2024 жылдың шілде айының басында Қытай 2024-2025 жылдардағы ШЫҰ-ға кезекті төрағалық етті. Ұйымның келесі саммиті осы күзде Қытайдың солтүстігіндегі Тяньцзинь қаласында өтеді, деп жақында мәлімдеді ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И Бейжіңде өткен Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының 14-ші шақырылымының 3-ші сессиясында өткен баспасөз мәслихатында.