Қытай–Лаос теміржолында жолаушылар ағынының шарықтау шегі байқалды

1100

«Қытай теміржолдары» корпорациясының Куньмин бөлімшесінің мәліметінше, Қытай–Лаос теміржолы іске қосылған сәттен бастап жолаушылар мен жүк тасымалы тұрақты өсім көрсетіп келеді, деп хабарлайды Xinhua.

Бұл өз кезегінде теміржол бойындағы өңірлердің өзара байланысын нығайтып, әлеуметтік-экономикалық дамуына қуатты серпін беруде.

Ұзындығы 1035 шақырымды құрайтын Қытай–Лаос теміржолы Қытайдың Куньмин қаласын (Юньнань провинциясының әкімшілік орталығы, Қытайдың оңтүстік-батысы) Лаостың астанасы Вьентьян қаласымен байланыстырады. 2 ақпандағы жағдай бойынша бұл бағытта жолаушылар пойыздары жалпы алғанда 90 мың рейс орындады. Ал жиынтық жолаушылар ағыны 66,12 миллион адам-реттен асты. Оның ішінде Қытай аумағындағы учаскеде — 53,95 миллион, ал шекарадан тыс бөлігінде — 12,17 миллион адам-рет тіркелді.

Аталған бөлімшенің хабарлауынша, бұл теміржол Қытай мен Лаос арасындағы трансшекаралық туризмді, білім беру және іскерлік алмасуларды едәуір жеңілдетті. Айта кетейік, Қытай–Лаос теміржолы 2021 жылғы желтоқсанда ресми түрде пайдалануға берілді, ал 2023 жылғы сәуірде Куньмин мен Вьентьянды байланыстыратын халықаралық жолаушылар тасымалы іске қосылды.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -