Әзербайжан Қытай нарығына ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлерін кеңейтіп жатыр. Бұл туралы елдің Азық-түлік қауіпсіздігі агенттігінің баспасөз хатшысы Хусния Гасанова мәлімдеді, деп хабарлайды Xinhua.
2025 жылғы 14 қазанда «Әзербайжан Республикасынан Қытай Халық Республикасына экспортталатын фундук пен бадамға қойылатын инспекциялық, карантиндік және санитарлық талаптар туралы хаттамаға» қол қойылды.
«Бұл әзербайжандық өнімдердің Қытай нарығына шығуына жаңа мүмкіндіктер ашты. Фундук пен бадамға арналған фитосанитарлық сертификаттардың үлгілері қытай тарабына ұсынылды», — деді Х. Гасанова.