Көктем мерекесіне орай демалыс кезеңінде Қытай шекарасын кесіп өтетін жолаушылар ағыны тәулігіне орта есеппен 2,05 млн адам-ретке жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 14,1 пайызға артады деп күтілуде, деп хабарлайды Xinhua.
Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік көші-қон басқармасы хабарлады.
Визасыз режим мен тұтынуды ынталандыру шараларының арқасында тоғыз күндік демалыс барысында елге келетін де, елден шығатын да туристер саны артады деп болжанып отыр.
Мерекелік кезеңде шекаралық бақылау бекеттерінде қызметкерлер саны көбейтіліп, қауіпсіз әрі кедергісіз өткізу үшін полиция күштері жеткілікті деңгейде жұмылдырылады.