Қытайда «Ғылым мен технология саласындағы сақтандырудың жоғары сапалы дамуын жеделдету жөніндегі ұсыныстар» атты құжат жарияланды, деп хабарлайды Xinhua.
Құжатты ҚХР Ғылым және технология министрлігі ҚХР Қаржылық қадағалау және бақылау жөніндегі бас мемлекеттік басқармасымен, ҚХР Өнеркәсіп және ақпараттандыру министрлігімен және ҚХР Зияткерлік меншік істері жөніндегі мемлекеттік басқармасымен бірлесіп әзірлеген. Онда ғылыми-технологиялық инновациялар қажеттіліктеріне сай келетін сақтандыру жүйесін қалыптастыруды жеделдетуге бағытталған алты бағыт бойынша 20 нақты шара көзделген.
Қытайда ғылым мен технология саласындағы сақтандыру жоғары капитал салымдарын, ұзақ әзірлеу циклдерін және жоғары тәуекелдерді талап ететін инновациялық жобаларды қолдауда тұрақтандырушы тетік ретінде қызмет етеді. 2025 жылы бұл сақтандыру түрі шамамен 8 трлн юань көлеміндегі тәуекелдерді қамтып, сақтандыру сыйақылары алдыңғы жылмен салыстырғанда 44 пайызға артты.
Құжатта күрделі технологиялық міндеттерді шешуге бағытталған тәуекелдерді бөлу механизмдерін жетілдіру бағдарламасы және мемлекеттік стратегиялық ғылыми-технологиялық күштерге сақтандыру қолдауын күшейту шаралары қамтылған.