Қытай 2026–2030 жылдарға арналған негізгі даму мақсаттарын жариялады

792
Фотосурет: Xinhua

Қытай 2026–2030 жылдарға арналған негізгі даму мақсаттарын жариялады. Бұл мақсаттар Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының 14-шақырылымының 4-сессиясында қарауға ұсынылған үкіметтің жұмысы туралы баяндамада көрсетілген, деп хабарлайды Xinhua.

Баяндамаға сәйкес, алдағы бес жыл ішінде Қытай жалпы ішкі өнімнің өсімін орынды деңгейде сақтауға және жыл сайынғы көрсеткіштерін нақты жағдайларға сәйкес белгілеуге ниетті. Бұл 2035 жылға қарай жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемін 2020 жылғы деңгеймен салыстырғанда екі есеге арттыруға және елді орташа дамыған мемлекеттер деңгейіне жеткізуге берік негіз қалайды.

Инновациялық және «жасыл» дамуды қамтамасыз ету мақсатында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығындардың орташа жылдық өсімі бүкіл ел бойынша 7 пайыздан жоғары болады. Сонымен қатар 2026–2030 жылдар аралығында ЖІӨ-нің көміртек сыйымдылығы жалпы алғанда 17 пайызға төмендеуі тиіс.

Баяндамада сондай-ақ цифрлық экономиканың негізгі салаларының қосылған құнының ЖІӨ-дегі үлесін 12,5 пайызға дейін арттыру және халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін жеткізу жоспарланғаны айтылған.

15-бесжылдық жоспардың мақсаттары мен міндеттерін тиімді іске асыру үшін Қытай алты бағыт бойынша барлығы 109 ірі жобаны ұсынды. Олардың қатарында жаңа сападағы өндіргіш күштердің дамуына бағдар беру және халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету мен жақсарту бағыттары бар.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -