Қытай виртуалды көмекшілер қызметін реттеуді жоспарлап отыр

957
Фотосурет: Синьхуа

Қытайдың Мемлекеттік интернет-ақпарат кеңсесі цифрлық виртуалды адамдарды пайдалану қызметтерін реттеу жөніндегі ережелер жобасын әзірлеп, оны қоғамдық талқылауға ұсынды, деп хабарлайды Xinhua.

Жобаға сәйкес, цифрлық адамдарды — дауыс арқылы немесе басқа да тәсілдермен өзара әрекеттесе алатын адамға ұқсас виртуалды нысандарды — пайдаланатын қызмет көрсетушілер мұндай контенттің жанында «цифрлық адам» деген айқын белгі орналастыруы тиіс.

Құжатта жеке тұлғалардың құпия деректерін цифрлық бейнелерді жасау және модельдеу үшін тек олардың саналы келісімімен ғана пайдалануға болатыны көрсетілген. Сондай-ақ кез келген ұйымға немесе жеке тұлғаға нақты адамның танылатын белгілері бар цифрлық бейнені оның келісімінсіз қолдануға тыйым салынады.

Бұдан бөлек, кәмелетке толмағандардың виртуалды цифрлық адамдар қызметтеріне тәуелділігін қалыптастыруға жол берілмейді. Кәмелетке толмағандарға виртуалды туыстар, виртуалды серіктестер және шамадан тыс шығындарға әкелуі мүмкін басқа да жақын виртуалды қарым-қатынастарды ұсынуға тыйым салынады.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -