Қытайда өнеркәсіп өндірісі 6,1 пайызға өсті

1441
Фотосурет: Синьхуа

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қытайдың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының қосылған құны жылдық есепте 6,1 пайызға өсті. Бұл туралы бейсенбі күні жарияланған ҚХР Мемлекеттік статистика басқармасының деректерінде айтылды. Аталған көрсеткіш өткен жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 1,1 пайыздық тармаққа жоғары.

Қытайда өнеркәсіп өндірісінің қосылған құны негізгі қызметтен жылдық табысы 20 млн юаньнан /шамамен 2,91 млн АҚШ доллары/ асатын ірі кәсіпорындардың өндірістік белсенділігін өлшеу үшін пайдаланылады.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы үш айында тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі қосылған құн жылдық есепте 6 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде 6,4 пайызға өсті. Сонымен қатар электр энергиясын, жылу, газ және суды өндіру және жеткізу секторында бұл көрсеткіш 4,3 пайызға артты.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -