ЕАЭО мен ШЫҰ арасындағы тауар айналымы 10 жылда 368 млрд долларға жетті

1089
Фотосурет: Xinhua

Соңғы он жыл ішінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдері арасындағы тауар айналымы төрт есеге өсіп, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 368 млрд АҚШ долларына жетті.

Бұл туралы сәрсенбі күні Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммит аясында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевпен кездесу барысында мәлімдеді.

Б. Сағынтаевтың айтуынша, ШЫҰ елдерінің ЕАЭО сыртқы сауда айналымындағы үлесі 50% жетіп, өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетіп отыр.

Кездесу барысында тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасып, ЕЭК пен ШЫҰ хатшылығы арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылады.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -