Қытай әлемдегі 14 түрлі пайдалы қазбаның, соның ішінде сирек жер элементтерінің ең ірі қорына ие. Бұл туралы Министерство природных ресурсов КНР ұсынған соңғы деректер көрсетеді.
Атап айтқанда, ел вольфрам, қалайы, молибден, сурьма, галлий, германий, индий, флюорит және графит бойынша жетекші орын алады.
2025 жылы Қытай 17 түрлі минералдық шикізат өндірісі бойынша да әлемде бірінші орынды иеленді. Олардың қатарында көмір, титан, мырыш, алтын және сирек жер элементтері бар.
Елдің тау-кен өндірісі 2025 жылы 32,7 трлн юаньға (шамамен 4,77 трлн АҚШ доллары) жетіп, жалпы ішкі өнімнің 23%-дан астамын құрады. Бұл Қытайдың жаһандық шикізат өндіру және өңдеу орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін растайды.
Ведомство бағалауынша, қуатты ресурстық база өнеркәсіптік тізбектердің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, дәстүрлі салалармен қатар жаңа индустриялардың дамуына да серпін береді.