«Шэньчжоу-23» астронавтары «Тяньгун» ғарыш станциясына жетті

715
Фотосурет: Xinhua

Қытайдың «Шэньчжоу-23» ғарыш кемесінің бортындағы үш астронавт «Тяньгун» ғарыш станциясына кіріп, орбитада экипажды алмастырудың жаңа кезеңін бастай отырып, ондағы тағы бір үштікпен кездесті.

Қытайдың пилотталатын ғарыш агенттігінің /CMSA/ мәліметінше, «Тяньгун» станциясындағы «Шэньчжоу-21» экипажы Бейжің уақытымен таңғы сағат 5:13-те люкті ашып, жаңадан келген астронавтарды қарсы алған.

Осыдан кейін екі экипаж Қытай ғарыш саласы тарихындағы сегізінші ғарыштық кездесуге орай бірге суретке түсті. CMSA мәліметінше, олар ғарыш станциясында экипажды алмастыру жұмыстары мен тиісті тапсырмаларды жүзеге асырады.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -