Қытайда трансшекаралық сапарлар саны күрт өседі деп күтілуде

825
Фотосурет: Xinhua

Дуаньу мерекесіне (Айдаһар қайықтары мерекесі) орай демалыс күндері Қытайға келу және елден шығу сапарларының жалпы саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,7 пайызға артады деп күтілуде.

Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік көші-қон басқармасының болжамында айтылған.

Басқарма деректеріне сәйкес, ел бойынша шекарадан өтудің орташа тәуліктік саны 2,2 миллион адамға жетеді.

Сондай-ақ тәуліктік жолаушылар ағынының ең жоғары көрсеткіші шамамен 2,35 миллион сапарды құрайды деп болжануда.

Дуаньу мерекесі қытайдың ай күнтізбесі бойынша бесінші айдың бесінші күні атап өтіледі. Биыл бұл мереке 19 маусымға сәйкес келеді, ал демалыс күндері 19–21 маусым аралығында жалғасады.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -