Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясының әкімшілік орталығы Ланьчжоу қаласындағы Ганьсу халықаралық құрлық портының аумағынан 1 210 тонна жоғары сапалы полиолефиндер мен жаңа арнайы химиялық материалдар тиелген алғашқы Қытай – Еуропа жүк пойызы жолға шықты.
Мәліметке сәйкес, жүк пойызы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Алашанькоу шекаралық өткізу бекеті арқылы мемлекеттік шекараны кесіп өтіп, Қазақстан, Ресей және Беларусь аумағы арқылы Польша астанасы Варшава қаласына жетеді.
Дәстүрлі құрлық-теңіз аралас тасымалы үлгісімен салыстырғанда, Қытай – Еуропа жүк пойыздарын пайдалану кедендік рәсімдеу уақытын едәуір қысқартып, тауарлардың бүлінуін азайтады. Соның нәтижесінде жүк жеткізудің жалпы мерзімі 50 пайыздан астам қысқарады.
Ланьчжоу Қытайдың солтүстік-батысындағы маңызды мұнай-химия өнеркәсібі орталықтарының бірі болып табылады. Хабарланғандай, химия өнімдерін тасымалдауға арналған Қытай – Еуропа жүк пойызының сәтті іске қосылуы Ланьчжоудан химия өнімдерін экспорттаудың ауқымды, тұрақты әрі жүйелі жеткізілімдер кезеңіне өткенін білдіреді.