Қытай 25 маусым мен 1 шілде аралығында Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) аясында жас және орта буын офицерлері арасындағы алмасудың екінші іс-шарасын өткізеді. Бұл туралы бейсенбі күні Қытай Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді.
Қытай Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Чжан Сяоган ведомствода өткен баспасөз мәслихатында бұл іс-шараға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің, бақылаушы елдердің, диалог жөніндегі серіктес мемлекеттердің және басқа да мүдделі елдердің жас және орта буын офицерлері мен қорғаныс ведомстволарының өкілдері, сондай-ақ ШЫҰ хатшылығының өкілдері қатысатынын айтты.
Қытай халық-азаттық армиясының Ұлттық қорғаныс технологиялары университеті ұйымдастыратын іс-шара аясында тақырыптық дәрістер, семинарлар, пікірталастар және таныстыру сапарлары өтеді.
Чжан Сяоганның айтуынша, бұл іс-шара достықты нығайтуға, ынтымақтастық жөнінде ортақ келісімге қол жеткізуге және ШЫҰ аясындағы қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың бірлігі, үйлесімділігі, өміршеңдігі және нәтижелілігі жоғары деңгейде дамуына ықпал етуге бағытталған.