Шанхай тағы да жасанды интеллекттің жаһандық астанасына айналды

1562

Шанхайда WAIC 2026 Жасанды интеллект жөніндегі дүниежүзілік конференциясы және Жасанды интеллектті жаһандық басқару мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі кеңес өз жұмысын аяқтады. Форум жасанды интеллекттің даму перспективалары мен осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты талқылау үшін жетекші ғалымдарды, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік құрылымдардың және әлемдегі ірі технологиялық компаниялардың өкілдерін бір алаңға жинады.

Конференция 17–20 шілде аралығында өтті және жасанды интеллектке арналған әлемдегі ең ірі іс-шаралардың бірі саналады. Биыл көрме алаңы алғаш рет 100 мың шаршы метрден асты. Форумға 1100-ден астам компанияқатысып, 3000-нан астам экспонатты, оның ішінде 300-ден астам әлемдік премьераны ұсынды.

Қатысушылардың басты назарында ірі тілдік модельдерді, зияткерлік есептеу инфрақұрылымын, робототехниканы, автономды көлікті, өнеркәсіптік жасанды интеллектті дамыту және ЖИ-ді жаһандық реттеу мәселелері болды. Сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, жаңа технологияларды қауіпсіз пайдалануға және жасанды интеллектті басқарудың ортақ тәсілдерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.

WAIC конференциясы 2018 жылдан бері Шанхайда тұрақты өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде ол жасанды интеллект саласындағы озық жетістіктерді таныстыруға, тәжірибе алмасуға және цифрлық экономиканың болашағын талқылауға арналған ең беделді халықаралық алаңдардың біріне айналды.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -