2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қытайда тұтыну тауарларын жаңасына айырбастаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 1,1 трлн юань (шамамен 161,9 млрд АҚШ доллары) көлемінде сатылым жүзеге асты. Ресми мәліметтерге сәйкес, бағдарламаға шамамен 150 миллион тұтынушы қатысты.
Алты ай ішінде бағдарлама аясында 3,7 миллион автомобиль, 63,3 миллион дана тұрмыстық техника және 79,1 миллион цифрлық әрі интеллектуалды құрылғы сатылды. Әсіресе жаңа энергия көздерімен жүретін автомобильдерге сұраныс жоғары болды. Маусым айында бағдарлама бойынша сатып алынған көліктердің 65,4 пайызы осы санатқа тиесілі болса, екінші тоқсанда жаңа автомобильдер нарығындағы электр көліктері мен гибридтердің үлесі рекордтық 62,4 пайызға жетті.
Бірінші жартыжылдықта цифрлық және «ақылды» техниканың сатылымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,4 пайызға өсті. Маусым айында бұл көрсеткіш 32 пайызды құрады. Ең қарқынды өсіп келе жатқан сегменттердің бірі «ақылды» көзілдіріктер болды. Оларға деген сұраныс бір ай ішінде 30,6 пайызға артқан.
Тұтыну тауарларын жаңасына айырбастау бағдарламасы Қытайда 2024 жылдан бері іске асырылып келеді және ішкі сұранысты ынталандыруға бағытталған. Билік бағдарламаны 2026 жылы да жалғастыру туралы шешім қабылдап, оны өте ұзақ мерзімді арнайы мемлекеттік облигациялар шығару есебінен бөлінетін 250 млрд юань көлеміндегі қаржымен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.