Қытайда жазғы туристік маусым қызған шақта миллиондаған отбасы таулы курорттар мен ойын-сауық саябақтарының орнына жұмыс істеп тұрған зауыттарға, кеме жасау кәсіпорындарына және қайта жаңғыртылған өнеркәсіптік аймақтарға экскурсия жасауды таңдауда.
Жуырда жарияланған Qunar туристік онлайн-платформасының мәліметіне сәйкес, соңғы бір айда өнеркәсіптік экскурсияларға қатысты іздеу сұраныстары алдыңғы аймен салыстырғанда 3,3 есе өсті. Ал өнеркәсіптік танымдық турларға деген сұраныс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50 пайыздан астам артқан.
Салалық зерттеу ұйымдарының болжамынша, 2024–2029 жылдар аралығында Қытайдағы өнеркәсіптік туризм секторының орташа жылдық өсімі 18 пайыз деңгейінде сақталады. 2029 жылға қарай бұл нарықтың көлемі 300 млрд юаньнан (шамамен 44 млрд АҚШ доллары) асады деп күтілуде. Бұл өнеркәсіптік туризмнің уақытша үрдіс қана емес, ішкі туризм нарығындағы тұрақты әрі болашағы зор бағытқа айналып келе жатқанын көрсетеді.