Хэйлунцзян провинциясындағы Цзямусы – Тунцзян теміржол желісінде Тунцзян көпірінің арқалықтарын орнату жұмыстары аяқталды. Бұл – Қытай – Еуропа халықаралық жүк бағыттарының шығыс дәлізіндегі шекара маңында салынған ең ұзын жаңа көпір. Осылайша, магистральдағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, енді рельс төсеу кезеңі басталды.
Ұзындығы 258,25 шақырым болатын жаңғыртылып жатқан теміржол желісі негізінен жүк тасымалына арналған және Қытай – Еуропа бағыттарының шығыс дәлізінің маңызды бөлігі саналады. Тунцзян көпірінің ұзындығы 10,4 шақырымнан асады. Оның соңғы, 650-ші арқалығы 25 шілдеде орнатылды.
Көпірді жобалау барысында Саньцзян жазығындағы ауыл шаруашылығы алқаптарына әсерді барынша азайтып, өңірдің экологиялық тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік беретін инженерлік шешімдер қолданылды. Теміржол желісі пайдалануға берілгеннен кейін Тунцзян теміржол өткізу бекетінің өткізу қабілеті төрт есе артады. Бұл көмір, темір кені және басқа да сыртқы сауда жүктерін тасымалдау көлемін едәуір ұлғайтуға мүмкіндік береді.