Бішкекте ШЫҰ БАҚ және талдау орталықтарының саммиті ашылды

781
Фотосурет: Синьхуа

Бішкекте 2026 жылғы ШЫҰ-ға мүше елдердің бұқаралық ақпарат құралдары мен талдау орталықтарының саммиті өз жұмысын бастады. Іс-шара Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы «Шанхай рухының» рөліне арналды. Саммитке ШЫҰ елдерінің және ұйым Хатшылығының 150-ге жуық жетекші бұқаралық ақпарат құралының, талдау орталығының, мемлекеттік ведомстволарының шамамен 260 өкілі қатысуда.

Қырғызстан Президенті әкімшілігінің Ақпараттық саясат қызметінің басшысы Дайырбек Орунбеков қазіргі жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары мен сарапшылық қауымдастық мемлекеттер арасындағы өзара сенімді нығайтуда, қоғамдық пікірді қалыптастыруда және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Синьхуа» ақпарат агенттігі бас директорының орынбасары Си Яньчунь бұқаралық ақпарат құралдары мен талдау орталықтары өзара сенімді нығайтуға, гуманитарлық байланыстарды дамытуға, көпжақты ынтымақтастықты ілгерілетуге және «Шанхай рухының» құндылықтарын кеңінен насихаттауға алдағы уақытта да үлес қоса беруі тиіс екенін айтты.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -