Қытай Халық банкі мен Аргентина Орталық банкі екіжақты валюталық своп туралы келісімнің мерзімін ұзартты. Бұл туралы Қытайдың Орталық банкі хабарлады.
Келісімнің көлемі 130 млрд юаньды (шамамен 19,1 млрд АҚШ доллары) немесе 28 трлн аргентиналық песоны құрайды. Келісімнің жаңа мерзімі бес жылға есептелген және тараптардың өзара келісімі бойынша одан әрі ұзартылуы мүмкін.
Қытай Халық банкінің мәліметінше, валюталық своп келісімін ұзарту Қытай мен Аргентина арасындағы қаржылық ынтымақтастықты тереңдетуге, екіжақты сауда мен экономикалық байланыстарды дамытуға, сондай-ақ қаржы нарықтарының тұрақтылығын сақтауға ықпал етеді.