Қытайдың «Чжуцюэ-2E Y4» зымыран-тасығышы белгіленген орбиталарға 10 спутникті, оның ішінде жасанды интеллектті пайдаланатын ғарыштық есептеу желісін құруға арналған Star Compute жобасының сегіз аппаратын шығарды.
Ұшыру 14 қазанда Бейжің уақытымен сағат 19:40-та Қытайдың солтүстік-батысындағы «Дунфэн» ұшыру алаңынан жүзеге асырылды.
ADAspace компаниясы әзірлеген сегіз спутник есептеу модульдерімен, аппараттардың өзара және Жермен лазерлік байланыс орнату жүйелерімен, сондай-ақ жарық аз жағдайда түсірілім жасауға арналған камералармен жабдықталған.
Орбитада қуаты 10 кВт болатын сұйықтықпен салқындату жүйесін, жайылып ашылатын радиациялық салқындату панельдерін, деректерді лазер арқылы тарату желісін және жасанды интеллекттің ірі модельдерін оқыту технологияларын сынақтан өткізу жоспарланып отыр.
Star Compute жобасы 2800 есептеу спутнигінен тұратын желі құруды көздейді. Аппараттардың алғашқы тобы 2025 жылғы мамырда ұшырылды, ал екінші тобы 2026 жылғы 15 қазанда орбитаға шығарылды. Үшінші топты ұшыру биылғы жылдың соңына дейін жоспарланған.