Қытай жасанды интеллект, биомедицина және күн энергетикасы салаларындағы 40 технологияны экспорттау ережелерін қайта қарауды ұсынды. Кейбір әзірлемелерді шетелге шығаруға тыйым салынуы, ал басқаларына экспорттық шектеулер енгізілуі мүмкін.
Жобаны ҚХР Коммерция министрлігі Ғылым және технологиялар министрлігімен бірлесіп әзірледі. Құжат экспорттауға тыйым салынған немесе шектеу қойылған технологиялардың қолданыстағы тізбесін жаңартуды, сондай-ақ экспортты алдын ала тіркеу тетігін енгізуді көздейді.
Бұл ретте тыйым салу мен шектеу қою әртүрлі реттеу тәртібін білдіреді. Бірінші жағдайда технологияны шетелге беруге мүлде жол берілмейді, ал екінші жағдайда белгіленген талаптарды сақтап, қажетті рұқсаттарды алған кезде оны экспорттауға болады.
Жарияланған хабарламада аталған 40 технологияның нақты қайсысын экспорттауға тыйым салу, ал қайсысын шектеулі экспорт санатына енгізу ұсынылып отырғаны нақтыланбаған.
Жобаны қоғамдық талқылау 2026 жылғы 16 қазаннан 15 қарашаға дейін өтеді. Ұсынылған шаралар әзірге бекітілген жоқ. Технологиялардың түпкілікті тізбесі мен оларды экспорттау шарттары жоба қаралғаннан кейін айқындалады.