Ақпан айында мамандандырылған ХҚКО демалыссыз жұмыс істейді

759



Бірақ жексенбі күні мекемелер тек ЕЭО елдерінен келген көліктерді уақытша тіркеумен айналысады.

Халыққа қызмет көрсететін орындар уақытша тіркелуі тиіс көлік иелері бір ай ішінде қажетті шараларды жасап үлгеру үшін жұмыс кестесін ауыстырады. Kolesa.kz тілшісіне «Азаматтарға арналған үкімет» МК баспасөз қызметінің мамандары хабарлағандай, Қазақстандағы барлық мамандандырылған ХҚКО 1 ақпаннан 29 ақпанға дейін 9:00-ден 20:00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейді, бірақ аптаның соңғы күні мұндағы мамандар тек ЕЭО елдерінен келген машиналарды тіркейтін болады. Яғни, бұл күні басқа қызметтер (жүргізуші куәлігін беру, көліктерді тіркеу/қайта тіркеу т.б.) көрсетілмейді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев полицейлерге ел азаматтары Армениядан, Ресейден, Қырғызстаннан әкелген автокөліктерді бір жылға уақытша тіркеуді тапсырды.

ІІМ ондай машиналарға 18-аймаққа тиесілі сары нөмірлер береді. Көлікті уақытша есепке қою үшін бастапқы тіркеу алымын бірден төлеу қажет. Ал утилизациялық алым мен кедендік тазарту сомасындағы айырмашылықты (егер болса) бір жылдың ішінде төлеуге болады.


Kolesa.kz

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -