Ата жолын жалғастыру

1781



«Әрбір шаңырақты шуаққа бөлеп, бақыты шалқытатын не?» дегенде Алладан амандық, адамның ортақ кәсібі деген екен бір ғұлама. 
Расында ортақ кәсіп бауырластықтан да әрі адамды жақындастыра түседі емеспе? Әрбір күніңнің көп бөлігін өткізетін жұмыс жайы, қызмет бабы бауырды әріптеске, досқа айналдырып жібергенде бұл кәсіптің ардақ жолы деген осы емеспе деп сүйсінесің. Мұндайды отбасылық династия деп жатамыз.

Міне, осындай бір саладан бақыт та, береке де тауып, бір мақсат, бір мүддеде жүргендердің бірі кешегі дүниеден өткен Ұлы Отан соғысының, партия, еңбек ардагері Сарыпбеков Спандияр атамыздың ұлы менен немерелері отбасымен Ішкі істер саласында қызмет атқаруы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

Спандияр атамыз 12.06.1912 жылы туылып, (бұрынғы) Шымкент облысы, Ленгір ауданы, Аққұм ауылында ғұмыр кешкен. 1942 жылдың қаңтар айының басында Ростов қаласы үшін болған шайқаста ауыр жараланып, №2813 госпитальға түскен. 1942 жылдың мамыр айында комиссия шешімі бойынша денсаулығына байланысты жарамсыз деп танылып, елге қайтарылған. Соғыстан орала сала еңбекке, білім беру, ауыл шаруашылығы салаларына атсалысқан. Мұғалім, мектеп директоры, ауыл советінің төрағасы, бірнеше колхоз төрағалары қызметтерін атқарған. Майдандағы ерлігі, бейбіт күндердегі еңбегі лайықты бағаланып, бірқатар ордендермен, медальдармен тіпті жоғарғы бас қолбасшы И.Сталиннің төсбелгісімен, құрмет грамоталарымен марапатталған.     

Спандияр атамыздың ұлы Сарыпбеков Сейтан 02.09.1956 жылы ОҚО, Төлеби ауданында туылған. 1974-1979 жылдар аралығында «Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі» инситутына оқып,  «Химик-технолог» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Сейтан ағамыз Ішкі істер саласында сол кездегі аянбай еңбек етіп, бүгінгі күнде еңбегінің зейнетін көріп отыр. 21.04.1981 жылы (бұрынғы) Шымкент облысы ІІБ ИЧ-167/6,7,8,9 мекемелерінде (арнайы бөлімінің аға инспекторы, жасақ бастығы, өндіріс инженері, цех бастығы, учаске бастығы, мекеме бастығының өндіріс жұмыстары жөніндегі орынбасары, мекемеге қарасты кәсіпорын директоры) түрлі қызметтер атқарған.

25.12.2001 жылы ішкі қызмет подполковнигі шенінде зейнеткерілкке шыққан. Зейнеткерлікке шыға сала Қылмыстық атқару жүйесінде тағыда біраз уақыт қызмет атқарды.

13.01.2002-13.01.2006 жылдары «Еңбек-Шымкент» РМК № 108 филиалының директоры, кейіннен 13.01.2006-13.01.2008 жылдары «Еңбек-Шымкент» РМК директоры қызметін атқарған. 01.09.2008 жылдан бүгінгі күнге дейін ИЧ-167/9 мекемесінің жанындағы кәсіптік колледжінде арнайы пәндердің оқытушысы.

Сейтан ағамыз ауылдастарының арасында беделге ие, жастарды достыққа, бірлікке, әсіресе тыныштыққа шақырады. Міне, Сейтан ағамыздың осы бір қағидасын өзінен өнген ұл-қыздары өмірлік ұстанымы етіп келе жатыр. Ұлдары әкенің ардақ жолын кәсібіне айналдырды. Әке балаға сыншы десек те, кішкене ғана ұлының өте жауапты саланы таңдауына кейде күмілжіп қалатын. Өйткені, тәртіп сақшысы болу деген дүйім бір елдің, бір мемлекеттің тыныштығына, болашағына жауапты болу деген сөз. Әр сәті жауапты және қауіпке толы бұл мамандықты алып жүру оңай емес екені белгілі. Оның үстіне анасының «Ер жігіттің міндеті елін қорғау» деген сөзі құлақта сақталды, жүректе түйілді.

Осылайша ұлдарына мамандық таңдауда Нұрдос пен Бауыржанға сақшылық саланы таңдауына келісім берді. Нұрдос мектеп бітірісімен әке батасын алып, 2000 жылы Алматы экономикалық университетіне түседі, кейіннен «Заңтану» мамандығын тәмамдайды. Оқудың қызығы ұйқыша тартып, оқу орнында жүріп көзге түсіп, білім нәрімен құмарлана сусындай береді. Осылайша арада 5 жыл уақыт өтіп, 2006 жылы ОҚО бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/9 мекемесіне сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің инспекторы қызметіне орналасты. Кейінен режим бөлімінде қызмет атқарды. Бүгінде әділет майоры шенін таққан Сарыпбеков Нұрдос Сейтанұлы сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік- психологиялық жұмысы бөлімінің жасақ бастығы қызметін абыроймен атқарып келеді.

«Алтын шыққан жерді белден қаз» демекші, үйдің үлкенінің басқан ізі, берген тәрбиесін кейінгілері де өзіне ұстаным етпейме? Сол секілді ағасын үлгі тұтқан осы салада інісі Бауыржанда 2010 жылдан бері осы салада ҚАЖ қызметінде қызмет атқаруда. Алдыңғы арбаның ізімен жүрген әділет майоры  Сарыпбеков Бауыржан Сейтанұлы 2004 жылы мектеп бітіргеннен кейін Қазақ гуманитарлық заң университетін тәмамдаған. Қазіргі күні Төлеби аудандық пробация қызметінің аға инспекторы лауазымында қызметін атқаруда.

Өз мақсаттарына жетудегі табандылықтары, талапшылдықтары еді. Үйдегі берілген тәлім мен өмірден жинап жатқан тәжірибе оны күн өткен сайын қайрап, қайраған сайын шыңдап, биіктен көрсете түсті. Бүгінде бір ұл, төрт қыздың тәрбиесімен үйде отырған Нұрдостың жұбайы отбасымен осы саланы таңдағандарын бақыт санайды. Тіпті балаларының да әділдікті жақтар, шындықты қолдар, ел тыныштығын күзетер тәртіп сақшысы болғанын қалайды.

Ағайынды тәртіп сақшылары ішкі істер органдарында қызмет атқарған кезінде Түркістан облысы ҚАЖ департаменті тарапынан жоғары бағаланып, бірнеше мәрте түрлі дәрежедегі марапаттарға ие болды. Оның ішінде «Мінсіз қызметі үшін» 3 дәрежелі медалі, бірқатар «Құрмет грамоталары», «Алғыс хаттары» да бар.

Міне, осылайша Сейтан ағамыз жұбайы Айнықша екеуі 4 ұл, 1 қыз  тәрбиелеп елге үлгі болып отырған  Сейтан ағамыз әулеті ішкі істер саласына адал қызмет етіп келеді. Спандияр аталары секілді ел тыныштығы үшін кезінде ерен еңбек еткен, үш бірдей тәртіп сақшылары шыққан үй бейбітшіліктің нышаны іспеттес.

Ел тыныштығы үшін кеудесін отқа да, оққа да тосатын намысшыл шаңырақтан әлі атасы аңсағандай қанша ұрпақтың өсерін бір тәңір ғана біледі.

Ал, біз сондай ұрпақтың өркендеп, жайқала беруін тілейміз.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -