Сенаторлар Әзірбайжандағы парламенттік сайлауды бақылады

767



2020 жылғы 9 ақпанда Түркітілдес елдері Парламенттік Ассамблеясының Халықаралық байқау миссиясы Әзірбайжанда мерзімінен бұрын өткен парламенттік сайлауға қысқа мерзімді мониторинг жүргізді.

Миссия құрамына бақылаушылар ретінде Қазақстан, Қырғызстан, Түркия парламенттерінің мүшелері және ТүркПА Хатшылығының қызметкерлері кірді.

Қазақстан Парламенті делегациясының атынан Парламент Сенатының депутаты Динар Нөкетаева және Мәжіліс депутаты Берік Оспанов болды.

Миссия жұмысы аясында Әзірбайжан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Рамиз Гасановпен және Әзірбайжан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мезахир Панаховпен ресми кездесулер өтті.

Одан бұрын ТүркПА делегациясы Шамахи және Гобустан қалаларындағы жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен кездесіп, сайлауға дайындық барысымен танысты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -