Earthshot: Жерді қалпына келтіру жөніндегі әрекеттердің он жылдығы

644



Уильям ханзада экологиялық мәселелерді шешуге қатысты берілетін Earthshot халықаралық сыйлығын жариялады.

Бұл сыйлықты – климат және энергетика, табиғат және биоалуантүрлілік, мұхиттарды тазалау, ауаның ластануымен күресу және су тазалау саласындағы негізгі мәселелерді шешуге елеулі үлес қосқан жеке тұлғалар, ұйымдар және тіпті елдер иемденуі мүмкін.

Сыйлық лауреаттары қаржылық қолдауға ие болып қана қоймай (жалпы бюджеті бірнеше миллион фунт стерлингті құрайды), сонымен қатар әлемдік тұрғыда танылып, өз жобаларының ауқымын кеңейту мүмкіндігіне қол жеткізеді. Жыл сайын, 2020 жылдан 2030 жылға дейін экологияны жақсартуға жәрдемдесетін 5 үздік жоба таңдалып отырады. Осылайша, 10 жылда қоршаған ортаның кемінде 50 жаһандық мәселесіне қатысты шешімдер жасап шығарылады. 

«Жер шары өзгерісті кезеңде тұр және біз маңызды таңдау жасауымыз керек: өзімізді өзгертпестен ғаламшарға түзелмес залал келтіруді жалғастыра береміз бе, жоқ әлде адамзаттың күш-қуатын, сондай-ақ көшбасшы, жаңашыл болу мүмкіндігін ескере отырып мәселелерді шешеміз бе? Жан тебіренткен өркениеттерді, өмірлік маңызы бар технологияларды, адамның Айға  ұшқан сапарын еске алайық. Адамзат баласы ұлы мақсаттарға қол жеткізе алады. Алдағы он жыл бізге ұлы сынақтардың бірі – Жерді қалпына келтіруге арналған іс-әрекеттер он жылдығын ұсынады», - деді Уильям ханзада. 

Earthshot сыйлығы әзірленді және қазіргі сәтте ол Кембридж герцогы мен герцогинясының Корольдік қоры басқармасында.  

Алдағы уақытта сыйлық туралы көбірек білу үшін Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігінің парақшаларын қадағалап отырыңыз: Facebook, Instagram, Twitter

Сыйлықтың ресми сайты: www.earthshotprize.org


фото: Time

 

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -