«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында көпбалалы аналарға арналған тренинг өтті

716



Жаңа кәсіп иесі атанып, оны қалай дамытуға болады? Бизнес жоспарды жасау жолдары қандай? Осы және өзге сұрақтарға қатысты мотивациялық тренингті Жас кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы, «Кәсіпкер ана» жобасының авторы Айнұр Әмірхан жүргізді.

Айнұр Әмірханның айтуынша, қазіргі таңда кәсіпкерлікпен айналысуға, білім алуға көптеген мүмкіндіктер жасалған.

«Тренингте біз әйелдерге табиғи қабілеттерді кәсіби деңгейге қалай көтеру қажеттігін айтамыз. Өкінішке қарай, біздің орталыққа келетін әйелдер өздерінің мықты жақтарымен бөліскісі келмейді, ал кейбірі тіпті өзінің қабілеттері жайлы ойланбаған. Табысты адамдар бизнесті өзінің таланты мен қабілеттері арқылы жасайды. Олар бойындағы кәсіби қабілетті қалай танып, дамытуға болатындығын біледі. Олар өздеріне лайықты рөлдерді тауып, өздерінің дарынын өмірде қалай қолдану керектігін ойластырады», - дейді Айнұр Әмірхан.

«Кәсіпкер ана» білім беру жобасының мақсаты – қаржылық қиын жағдайдағы әйелдерге қолдау көрсету. Олардың қатарына көпбалалы аналар, жалғызбасты аналар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған және қиын әлеуметтік жағдайда тұратын аналар жатады.

«Айнұр Әмірхан - мотиватор. Тренингтен кейін мен өз бизнесімді бастау үшін менің күшті және әлсіз жақтарым туралы жеткілікті білмейтінімді түсіндім. Бұл ақпарат болмаса мен жеке бизнесімді бастауға қорқақтадым. Себебі, мен күн сайын кешегі шешімнен өзгеше жаңа бизнес-жобаны қарастырдым. Тренинг маған шешім қабылдауға көмектесті. Тұлғалық мықты қасиеттерімді талдау маған қызмет саласын таңдауға мүмкіндік берді», - дейді тренингке қатысушы Бақыт Тоқсанбаева.

«Кәсіпкер ана» жобасында оқыту бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезең қабілеттер мен әлеуетті анықтау үшін коучинг сессияларын қамтиды. Екінші кезеңде ұзақ мерзімді оқыту мамандық бойынша практикалық интенсив түрінде өткізіледі. Үшінші кезең жеке бизнесті бастауға көмек көрсетіледі.

Оқыту келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

- сұлулық индустриясы (маникюр, педикюр, шаштараз, макияж, кірпіктерді жалғау, перманентті макияж);

- тамақ өнеркәсібі (аспаз, кондитер аспаз, аспазшы);

- IT индустриясы (графикалық дизайн, копирайтинг, SMM);

- кәсіби түрде суретке түсіру;

- флористика.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -