Сотталғандарға пробация заңын түсіндіру жұмыстары өтті

591



ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтармен кездесу өтті, онда ҚР Заң талаптарын айтып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Жаханов Бақыт Дүйсенұлымен  2020 жылға бекітілген кешенді іс- шаралар жоспарының орындау мақсатында   Қызылорда қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары әділет полковнигі Ағанин Қараман Жәмиұлы, Қызылорда қалалық пробация қызметінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Н.Көшекбаев, әділет капитаны Р.Сыздықов ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтармен кездесу өткізді. Сотталған азаматтарға  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Пробация туралы»  ҚР Заңының талаптарын айтып, түсіндірме жұмысын жүргізді. Шара барысында  Пенитенциарлық пробация бойынша  жаза мерзімін өтеуге дейін бір жыл қалған, белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеп жатқан сотталғандарға әділет полковнигі Қараман Жәмиұлы, Пробациялық бақылаудың мақсаты, оларға берілетін әлеуметтік- құқықтық көмек түрлері,  түзеу мекемесінен  шыққан соң  Пробация қызметіне  тіркелуі,  сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін және мәжбүрлі еңбекті орындау немесе орындамағаны және пробациялық бақылау шарттары мен тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібін түсіндіреді.

Сонымен қоса сотталғандар тарапынан сұрақтар да қойылды.  Сұрақтардың басым көпшілігі әлеуметтік- құқықтық көмек, мекенжай бойынша және облыс аумағынан шығу төңірегінде сұрақтар болды. Сотталған азаматтар қойылған сұрақтарына толыққанды жауаптарын алды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -