Су таситын жүк көлігінің қызды басып кеткен бейнесі желіні шулатты

989



24 ақпанда Сарыағаш аудандық ауруханасынан Сарыағаш ПБ кезекші бөлімінің “102” пультіне жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті.

Сағат 11:00 шамасында Жетісай-Жібек жолы тас жолында “Газ-53” маркалы су тасушы көлігінің жүргізушісі  2002 жылы туған жас қызды қағып кеткені белгілі болды. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде жаяу жүргінші дене жарақатын алып, Сарыағаш аудандық ауруханасының реанимациялық бөліміне түсіп, нәтижесінде алған жарақатынан қайтыс болған. Сот-наркологиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, аталған автокөліктің жүргізушісі ішімдік ішпеген.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы “Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы”бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалып, нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -