Қазақстан ОПЕК+ келісімдерін сақтауды жалғастырады

1463
Photo by: Gov

Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Астанада ОПЕК Бас хатшысы мәртебелі Хайтам әл-Гайспен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Келіссөздер барысында министр Қазақстанның тарихи ОПЕК+ келісіміне оң көзқарасын жеткізіп, жаһандық мұнай нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Тараптар ынтымақтастық нәтижелері мен «8 ел» кездесуі аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жоғары бағалады.

Қазақстан ОПЕК және келісімге қатысушы мемлекеттермен одан әрі тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін білдіріп, өндірушілердің, тұтынушылардың және жаһандық экономиканың мүддесі үшін әлемдік нарықтағы тұрақтылықты нығайтуға ынталы екендігін жеткізді.

DKNews International News Agency is registered with the Ministry of Culture and Information of the Republic of Kazakhstan. Registration certificate No. 10484-AA issued on January 20, 2010.

Theme
Autoreload
МИА «DKnews.kz» © 2006 -