Мәжіліс депутаттары елордалық «Жастар» театрының ұжымымен мәдени мәселелер бойынша заңнамалық түзетулерді талқылады

402



Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова мен депутат Михаил Чирков елордадағы «Жастар» театрының ұжымымен кездесті.

Мәжіліс депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Қазақстан Республикасы Президентінің негізгі бағдарламалық құжаттары мен бастамаларын іске асыру үшін қабылданған заңнамалық жаңашылдықтар, сондай-ақ Мәжілістің заңнамалық жұмыстары туралы хабардар етеді.

Әңгіме барысында мәдениет саласында күтілетін өзгерістерге ерекше назар аударылды. Г.Әбдіқалықованың айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы аясында мәдениет қызметкерлеріне қолдау көрсетудің нақты шараларын қарастыратын «Мәдениет туралы» заңға түзетулер әзірлеу тапсырылды. Бұған мәдени қолдау қорын құру, цифрландыру мәселелері және концерттік қызметті реттеу кіреді. Сондай-ақ, осы жылдың бюджетінде театр қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қаражат қарастырылған. «Біз театрларға көмектесуді жалғастырамыз», - деді депутат.

Өз кезегінде театр әртістері «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға тиісті өзгертулер енгізуді көздейтін декорация мен сахналық костюмдерді сатып алумен байланысты проблемалар туралы айтты.

«Кезінде Елбасы үлкен қолдау көрсеткен «Жастар» театры ұжымымен өте маңызды кездесу өтті», - деп қорытындылады Г.Әбдіқалықова.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -