Д. Нөкетаева: Әйелдердің сайлауға қатысуының артуы – демократиялық реформалардың жақсы көрсеткіші

660



2020 жылғы 10 ақпанда Түркітілдес елдері Парламенттік Ассамблеясы бақылаушыларының халықаралық миссиясы (ТүркПА) Әзірбайжанда мерзімінен бұрын өткен парламенттік сайлау қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз мәслихатында сөз алған сенатор Динар Нөкетаева Әзірбайжанда өткен парламенттік сайлауда әйел үміткерлердің үлесі жоғары екенін айтып өтті. «Бұл республикада жүргізіліп жатқан демократиялық реформалардың ғана нәтижесі емес, сол сияқты аталған елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі гендерлік теңгерімді паш етеді», - деді ол.

Миссия өз кезегінде, 2020 жылғы 9 ақпанда Әзірбайжанда өткен парламенттік сайлау аталған елдің ұлттық заңнамалары және халықаралық сайлау стандарттарына сай өтті деген қорытынды шығарды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -