FlyArystan 8 999 теңгеге Алматыдан Көкшетауға қатынайды

718



FlyArystan-ның бағдарлар кестесінде тағы бір қала пайда болды. 2020 жылдың 12 наурызынан бастап 180-орынды Airbus A320 ұшақтары аптасына 3 рет Алматыдан Көкшетауға қатынайтын болады. Билеттер сатылымы болса қазірден бастап flyarystan.com сайтында ашық. 

Екі шаһар арасындағы біржақты байланыс құны 8999 теңгеден басталады, ал аталмыш баға нарықта ұсынылып отырған бағадан 64% арзан екеніне назар аударамыз. Рейстің ұшу ұзақтығы 2 сағат болмақ. 

«Көкшетау – бұл динамикалық түрде дамып келе жатқан өңір, оған қоса шет елге танымал, Қазақстанның Швейцариясы болып танылған курорттарға орналасқан ең жақын қала. Бурабай, Зеренді, Щучьеге елордамыз Нұр-Сұлтаннан жету жеңіл деп айту қиын – уақытты алады, көліктен көлікке ауысып отыруды қажет етеді. Оңтүстік астанадан Көкше еліне, ал одан кейін оның төңірегінде орналасқан жерлерге тез жетуге мүмкіндік беретін тікелей рейстердің арқасында жиһангездер жеңіл әрі тез ұшып бара алады. Оған қоса Ақмола облысының тұрғындары да туған-туыстарына жиі қонақтап бара алатын болады», - деп ойымен бөлісті FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова. 

FlyArystan ұшу бағдарының кеңеюі, Алматыдағы флоттың Airbus A320 әуекемесінің үшке дейін ұлғаюының арқасында пайда болған мүмкіндік. Отандық лоукостер Алматы-Көкшетау-Алматы бағыты бойынша қатынайтын тұрақты рейстеріне минималды тарифпен билетті алу үшін, сапарды қазірден бастап жоспарлап, билетті ертерек сатып алуға кеңес береді.  


фото: Liter.kz

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -