Қарасай ауданында салық қарызы үшін автокөліктер алынды

630

Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қызметкерлерімен бірлесіп, рейдтік іс - шаралар барысында салық бойынша борышкерлер бойынша 5 автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Оның ішінде 3 автокөлік иелері көлік салығы бойынша жалпы сомасы 110 719 теңге төледі.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдауды күтпестен өз еркімен өтеуін сұрайды, бұл жеке сот орындаушыларының қосымша шығындарын төлеуден үнемдеуге мүмкіндік береді.

Салық төлеушілер салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы МКК сайтында немесе келесі сілтеме бойынша өтіп біле алады: http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылы жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталғанын ескертеді.   

Алматы облысының тұрғындары жеке тұлғаларға салынатын  салықтары бойынша барлық сұрақтар жөнінде тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына немесе облыстық МКД өндірістік емес төлемдер басқармасына телефон арқылы хабарласа алады 8 /728-2/- 60-11-97, 8-/728-2/-60-11-46.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -