Алматыдағы ТЖО, автосалондар, көлік жуатын орындар мен бөлшек сататын дүкендер жабылды

481



26 наурыздан бастап қалада карантиндік шектеулер күшейтілді.

Кеше өткен брифингте Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев 26 наурыздан бастап жаңа режим күшіне енетінін хабарлады. Соған сәйкес, тек азық-түлік сататын дүкендер мен дәріханалар ғана жұмысын әдеттегідей жалғастырады. Сауда және қызмет көрсету саласындағы басқа нысандар жұмысын тоқтатады.

Шендінің айтуынша, мегаполистегі автосалондар, автобөлшек сататын дүкендер мен гүл павильондары жабылады. Одан бөлек, қызмет көрсету саласындағы химиялық тазалау, кір жуатын орындар, фотоателье, фотосалондар, оптика, ломбард, жылжымайтын мүлік агенттіктері, көлік жуатын орындар мен автокөлік жөндеу қызметтері де жұмысын тоқтатады. Яғни аталған саладағы медициналық қызмет көрсететін нысандардан басқасының бәрі жабылады. Шектеуге құлақ аспағандар қатаң жазаға тартылады.

Брифингте сөз сөйлеген С. Тұяқбаев жанармай құю бекеттері жайлы ештеңе айтпады. Бірақ әкімдіктің баспасөз қызметі олардың жұмысына шектеу қойылмайтынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 19 наурызынан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин режимі енгізілді.


Kolesa.kz

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -