Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 4 курс студенті Ажар Нақыпбек «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша өткен республикалық пәндік олимпиадада екінші орынға ие болды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде өткен білім сайысына қазақстандық жоғары оқу орындарының 100-ден астам студенті қатысып, бақтары мен баптарын сынады.
Олимпиада онлайн форматта Microsoft Teams және Moodle платформалары арқылы өткізілді.
– Білім сайысында Ажар Нақыпбек жоғары эрудицияны, теориялық және практикалық дайындығын жоғары деңгейде көрсете білді. Нәтижесінде 3 кезеңнің қорытындысы бойынша үздік атанып, екінші орынға ие болды, – дейді студенттің жетекшісі, Шет тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы Гүлнар Ақан.